18 Сәу 2024
Жаңалықтар

Хабарландыру!!!

Хабарландыру!!!
Жуалы ауданы білім бөлімі мектепке дейінгі ұйымдарда, орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің сайлануы жөніндегі конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» сәйкес аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінде (30 орта, 3 негізгі, 6 бастауыш және 26 балабақша, 4 қосымша білім беру мекемесі) Қамқоршылық кеңес құрылатынын, оның құрамы бойынша ұсыныстар 2024 жылдың 13 мамырға дейін қабылдайтынын хабарлайды.
Ұсыныстар төмендегі мекенжайда қабылданады: Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі №11
Жұмыс уақыты: дүйсенбі мен жұма күндері 9.00-18.30 аралығында. Сенбі және жексенбі күндері демалыс. Байланыс нөмірі: 2-11-70, аудандық білім бөлімінің әдіскері Сейтжанова Толқын Сәбитқызы.
Ескерту: Бұйрық 2-қосымшамен, яғни, ҚР Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 1 наурыздағы №56 бұйрығымен толықтырылған.

Пайдалы ақпараттық ресурстар