19 Сәу 2024
Материал

Тәрбие секторы

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектепке дейіні тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жариялайды

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы             "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелді) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің              2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілердің тізбесіне (бұдан әрі – Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі) енгізілген талаптарды жүзеге асыратын меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда орналастырылады.

  1. Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімге қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаған және мыналарды:

1) "Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) сәйкес жағдайларды;

            2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі-Өрт қауіпсіздігі қағидалары) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы                       21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жағдайларды;

            3) "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына (бұдан әрі – ҚРҮ № 305 Қ) сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды;

            4) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы                          № 4 бұйрығына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда) білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған;

            5) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы                          № 70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыруды;

            6) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасауды;

            7) "Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі                               № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

  1. Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;

            3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;

            4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

            5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).

 

Конкурсқа  ұсынылатын   құжаттарды электрондық форматта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. почтасына жолдау қажет, электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, көрсетілген құжаттарды  қағаз форматта төменде көрсетілген мекен-жай бойынша жібереді. Жамбыл  облысы,  Жуалы    ауданы, Б. Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі №11 мекен-жайда орналасқан (№2 бөлме) «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімі» коммуналдык мемлекеттік мекемесіне мөрленген құжаттар өткізілуі тиіс.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштер 2024 жылдың 29 сәуірінен бастап 2024 жылдың 2 мамыры күні сағат 18:30-ға дейін қабылданады.

Құжаттар Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі №11 мекен-жайында 2023 жылдың 13 мамыры күні сағат 10:00-де қаралады.

  • Құжаттарды ҚҚҚБ -де тіркеу аяқталған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс

күні ішінде Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды қарайды. Құжаттар міндетті түрде бейне және аудио тіркеу жүргізіліп, әлеуетті қызмет берушілердің қатысуымен қаралады.

  • Комиссия мүшелері қатарынан             айқындаған  тұлғалар келесі                                   

3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындау үшін мектепке дейінгі ұйымға баруды жүзеге асырады.

Комиссия орындар санын көрсете отырып, Комиссия осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама жасайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

Білім беруді басқару органдары Комиссия хаттамасының негізінде атауын, өтініш берген кездегі бос орындар санын және байланыс деректерін көрсете отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастырады.

  • Осы Қағидалардың  нормаларын       бұзу фактілері анықталған кезде

мектепке дейінгі ұйымдар Комиссия актісін алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жояды және білім беруді басқару органының ҚҚҚБ – нің басшысы қол қойған растайтын құжаттарды ұсынады.

      Мектепке дейінгі ұйым анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймаған кезде, Комиссия 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органына Мектепке дейінгі ұйымның тізбеден шығарылғаны туралы хабарлайды.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8/72635/ 2-01-40 телефоны арқылы алуға болады.

 

 

 

Жуалы ауданы білім бөлімі, номер 87073807530

 

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар