19 Маус 2025
Жаңалықтар

"Алтын белгі" - білім мен еңбектің жемісі

🔰 "Алтын белгі" - бұл оқушының он бір жылдық қажырлы еңбегінің, тынымсыз ізденісінің және сапалы білімінің жемісі. Бұл - ұстаздың төккен тері мен ата-ананың шексіз қолдауының нәтижесі. 

🔰 2025 жылдың 19 маусым күні Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза Алижанұлының қатысуымен білім бәйгесінде озат атанған, оқу мен тәрбиенің шыңына шыққан түлектері, "Алтын белгі" иегерлерін марапаттау рәсіміне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. 

🔰 Іс-шара барысында 2024-2025 оқу жылында үздік атанған 24 оқушыны, "Алтын белгі" иегерлерін арнайы аудан әкімі Жалғас Мұртаза Алижанұлы салтанатты түрде марапаттады. Аудан әкімі озат түлектерге төсбелгі мен арнайы орта білім беру туралы аттестаттарын табыстап, түлектерімізге ақ жол тілеп, құттықтау сөз сөйледі. 

🔰 Сонымен қатар, үздік оқушылар өз алғыстарын білдіріп, ұстаздары мен ата-аналарына құрмет көрсетіп, өз ізгі жүрекжарды тілектерін айтты. Марапаттау рәсімі өнерпаз жастардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Пайдалы ақпараттық ресурстар