02 Маус 2025
Жаңалықтар

Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері

Жаз – бұл оқушылар үшін демалыс, шаттық пен қызыққа толы уақыт. Әсіресе, мектеп жанындағы жазғы лагерь – бала үшін ерекше әсер қалдыратын кезең. Мектеп жанындағы жазғы лагерь — жаз мезгілінде мектеп базасында ұйымдастырылатын, балалардың демалысын тиімді өткізуге бағытталған күндізгі сауықтыру мекемесі.
2025 жылдың 2 маусым күні барлық білім беру ұйымдарында мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады. 
Лагерде күн сайын таңертең көңілді әуенмен басталып, әртүрлі қызықты іс-шаралар, спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
Барлық оқушыларды өз білім мекемелерінде өткізілетін мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагеріне шақырамыз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар