*2025 жылғы 15 мамыр күні №19 Д. Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында еліміздің тарихындағы тағылымы терең, маңызы зор үш бірдей айтулы оқиға — Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы, Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 33 жылдығы аясында «Жас патриоттар академиясының» салтанатты ашылу рәсімі өтті.*
Бұл іс-шара жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық рухты нығайту және тарихи жадымызды жаңғырту мақсатында ұйымдастырылды.
Салтанатты шараға қоғам және білім саласының белгілі өкілдері — ҚР «Үздік мемлекеттік қызметшісі», «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» белгісінің иегері Дарибава Гүлзира Лесбайқызы, Жамбыл облысы ҚХА медиаторы Көшекбаева Ғайни Ақылбекқызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бузаубақова Клара Жайдарбекқызы, запастағы подполковник Тартыков Рамиль Нәбиевич, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілі подполковник Бауыржан Қансейітов, әскери бөлім командирі подполковник Отынышынов Алмас Мұхаметкәрімұлы, Жуалы ауданының бас прокуроры Тойшыбеков Ілияс Прмаханұлы және өзге де ардагерлер мен қоғамдық бірлестік өкілдері қатысып, жас патриоттарды елжандылық пен рух биігіне жетелейтін бастаманың ашылуымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Іс-шара барысында «Жас патриоттар академиясының» мүшелері патриоттық әндер шырқап, әскери дайындық бойынша шеберліктерін көрсетті. Сондай-ақ, академияның мақсаты мен болашақ жоспарлары таныстырылып, жас патриоттарға арнайы куәліктер табысталды.
Аталған іс-шара Жамбыл облысы бойынша әскери-патриоттық тәрбиенің дамуына зор үлес қосып, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.
https://zhualy-bb.kz/janaliktar-basti-oral/8050-zhas-patriottar-akademiyasyny-saltanatty-ashylu-r-simi-tti.html#sigFreeIdffb80aac33